AMA Foundation for Culture and Education қоғамдық қоры заманауи өнер саласында білім беру, зерттеу және көрме қызметін жүзеге асыруға, сондай-ақ мәдениет қайраткерлерін қолдауға бағытталған. Қор Батыс Қазақстанда орналасқан. Өз қызметіміз аясында Қазақстандық және халықаралық креативті индустрия өкілдерімен, сондай-ақ өнер қауымдастықтарымен ынтымақтастық орнатамыз. Қазақстанның заманауи мәдениетін дамытуға ықпал ететін диалог, шығармашылық және инновациялар алаңына айналуды мақсат етеміз. Қордың негізін Асель Ахметжанова, Малика Уразгалиева және Асель Мукашева қалаған.
Біз туралы
Суретшілер резиденциясы
YEMAA Artist Residence (YAR) суретшілер резиденциясы 2022 жылы Атырау қаласында құрылды. 2025 жылы резиденция Caspian Artist Residence (CAR) болып қайта аталды.
Резиденцияның негізгі мақсаты - жас суретшілерді қолдау және олардың көркемдік тәжірибесін теориялық әрі әдістемелік тұрғыдан нығайтып, байытуға мүмкіндік беретін бейресми білім беру ортасын қалыптастыру. Сонымен қатар резиденцияның жеке бағыттарының бірі - негізінен Батыс Қазақстанда жүзеге асырылатын, жергілікті қауымдастықтар мен жастардың дамуына бағытталған зерттеу және білім беру жобаларын қолдау.
Ашық конкурс жыл сайын жүздеген жас жергілікті суретшіні тартады. Қысқа тізім мен финалистерді академиялық орта мен өнер саласының тәжірибелі өкілдерінен құралған қазылар алқасы іріктейді. Әр шығарылым белгілі бір тақырыпқа арналып, қатысушылардың жұмыстарынан тұратын ашық көрмемен аяқталады.
Осы жылдар ішінде резиденция бағдарламасы әртүрлі салалардың өкілдерін бір ортаға біріктіріп, жаңа қауымдастықтар мен жобалардың қалыптасуына ықпал етті. Бұл үдеріс Қазақстандағы заманауи мәдениет туралы пікірталастың орталықтан тыс дамуына және жергілікті бастамалардың нығаюына жол ашты.
Әр шығарылымның бағдарламасы екі бөлімнен - теориялық және практикалық кезеңдерден тұрады. Бағдарламаның соңында қатысушылар қорытынды жұмыстарын әзірлеп, олар топтық көрмелерде ұсынылады. Көрмелер қала тұрғындары мен қонақтарының барлығына ашық. Сонымен қатар әр шығарылым аясында ашық дәрістер мен шеберлік сабақтарын қамтитын бағдарлама ұйымдастырылады.
Төртінші шығарылым аясында резиденция 2025 жылғы 13 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында Earthlings арт-гильдиясын қабылдады. Бағдарлама екі форматта - Атыраудағы офлайн және қашықтан жүзеге асырылды